Қызылорда облысында жұмысшылар түскі астан соң ауруханадан бір шықты


Арысқұм кен орнында жұмыс жүргізгендерге алғашқы көмек сол жерде көрсетіліпті. Бірақ жағдайлары ауырлаған соң облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Анықталғандай алғашқы науқас сенбі күні түсіпті. Ол асқазаны ауырып, дене қызуының көтерілгендігіне шағымданған. Ал соңғы ұшынған азамат бүгін ем қабылдай бастады. Әзірге, күзетші мен жүргізушілердің неден ұшынғаны белгісіз.