Сонымен бірге 3231 отбасы 20,4 миллион теңгенің тұрғын үй жәрдеміне ие болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қызылорда облыстық экономика басқармасынан хабарлады.
Жыл басынан бері экономикалық іс-қызметтің барлық түрі бойынша орташа айлық жалақы 18251 теңгені құрап, 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 17,5 процентке артты.
2003-жылдың 1-сәуіріндегі жағдаймен жалпы облыс бойынша шаруашылық есебіндегі кәсіпорындардың жалақы бойынша берешегі 883,8 миллион теңгені құрады.
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелердің қызметкерлеріне жалақы берешегі, сондай-ақ, зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан берешек жоқ.
2003-жылдың 1-мамырындағы жағдаймен жұмыссыз деген ресми мәртебеге ие болғандар саны 13111 адамды, немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 4,8 процентін құрады.
Жалпы алғанда облыс бойынша 593 жаңа жұмыс орны, соның ішінде ауылшаруашылығында 116, әнеркәсіпте 144, сауда-саттық саласында 190, басқа салаларда 143 жаңа жұмыс орны құрылды.