Қызылорда облысындағы аудандардың бірінд­е 228 бас тұқымдық мал қырылған ­


Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусымның 24-і мен шілденің 1-і аралығында бірнеше шаруа қожалығында 228 бас мал өлді, тағы 250 бас мал ауырып тұр.
Атап айтқанда, «Ынтымақ» шаруа қожалығы 50 бас, «Көбелдесе» шаруа қожалығы 151 бас, «Ақсеңгір» қожалығы 27 бас ірі қарадан айырылған.
Арнайы құрылған комиссия малдың қырылу себептерін анықтау мақсатында аталған шаруа қожалықтарына бірнеше рет барып қайтты. Ветеринарлық зертханалар ауру малдың тінінен, су, топырақ пен шөптен сынама алды. Зерттеу нәтижелері 10-15 күннен кейін белгілі болмақ.
Малды қарап шыққан мамандар ірі қараның қырылуына тыныс жолдарының ауруы себеп болған деген болжам жасап отыр. Ауру мал оқшауланып, оларға антибиотик егіліп жатыр.