Мекеме ақпаратына сәйкес, Қазалы ауданы Әйтеке би ауылындағы №226 мектеп-гимназияның бу қазандығында 16-қаңтарда 13 сағат 25 минутта дизельдік отын құйған ыдыстан өрт шыққан. Өрт салдарынан 46 жастағы от жағушы 3-4 дәрежелі күйікке шалдығып, ауруханаға жеткізілді.
300 оқушы сыртқа шығарылды.
Өрт сол күні 15 сағат 5 минутта төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің күштері, атап айтсақ, 15 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті