Қызылорда облысындағы Қазалы ауданы кәсіпкерлерінің 44 пайызға жуығы әйелдер

Бұл туралы аудандық әкімдікке сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев: «ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытушылар саны 4173 бірлікті құраса, оның 1819-ы әйел кәсіпкерлер. Яғни, ауданда кәсіпкерлікпен айналысушылардың 43,6 пайызын әйел азаматшалар құрайды» - деді. 

Іскер әйелдер форумында нәзік жандылар өзара тәжірибе алмасып, жұмыстарын қорытындылады. Алда тұрған ортақ міндеттер туралы ой бөлісті. Қатысушылар «бұл форум бізге білімімізді арттырып, бір-бірімізден көп нәрсе үйренуге мүмкіндік береді. Өзгелердің жетістіктеріне жаңаша көзқараспен қарап, қолдау жасауға ұмтыламыз» - дейді.

Форум қорытындысы бойынша бір топ әйел кәсіпкерлер марапатталды. Сондай-ақ қонақтар назарына ауданның әйел кәсіпкерлері ұйымдастырған тауарлар көрмесі көрсетілді. Айта кетейік, Қазалы ауданында өткен іскер әйелдер форумы барысында «Айнұр» сауда орталығы ашылып, халық игілігіне пайдалануға берілді.