Қызылорда облысындағы су астында қалған аумақ 608 шаршы шақырымды құрап 2079 адам басқа жаққа көшірілді

15-ақпандағы жағдаймен жиналған мұздақтардың қозғалысы Жосалы ауылынан жоғары 3,5-4 шақырымда байқалып отыр. Қозғалыстан апатты жағдай туындау көрінісі байқалған жоқ. Бөгеттер маңына күзетшілер шығарылды.

Қазалы ауданындағы "Иланды" учаскесінде қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Су шайып кеткен бөгеттің жеті жерінің 5-еуі қалпына келтірілді. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі мен "Росо" тобының қызметкерлері "Басықара" плотинасының маңында шлюздарды мұздан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Өзен арнасын бойлай 20-25 см-лік мұзатқы түзілді.
Тұтастай алғанда облыстағы су шаруашылықтарындағы ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Облыстың апаттан құтқару қызметінің құрамы жоғары дайындық жағдайында жұмыс істеп жатыр.