Қызылорда облысының әкімдігінде тасқын ахуалына қатысты жиналыс өткізілді

Жаңақорған ауданының әкімі Ерлан Мұстафаев айтқанындай, "аудан бойынша Сырдарияның ұзындығы 240 шақырым, ал тартылған қорған бөгендері- 40 шақырым. Су ішінде қалуы ықтимал жеті елдімекенде 14 мың адам тұрып жатыр. Олардың бәрі қауіптен құлағдар. Ауданның жедел штабы қарамағында 10 отряд бар(210 адам және 70 техника)".

"Аймақта су тасқынының жағдайы тұрақталып келеді. Шардара су қоймасынан тасталып жатқан су көлемі 700 текше метрден секундына 550 дейін төмендегені қуантады", - деп атап өтті облыс әкімінің бірінші орынбасары Бейбіт Жүсіпов. Су мамандарының пікірі бойынша, жіберіліп жатқан су көлемі секундына 400 текше метрді құрағанда дұрыс болар еді. "ҚР үкіметінің шешімі бойынша, мемлекеттік қордан 292 тонна дизель отыны мен 5,7 млн теңгеге екі вагон азық- түлік бөлінді ", - деп хабарлады Б. Жүсіпов.

Қазір облыс орталығында жағалауда орналасқан "Батыс", "Арай" ықшам аудандары мен "Рисмаш" ауданында осал учаскелерін бекіту жұмыстары аяқталуда, деп хабарлады әкімдікте.

Облыс әкімдігінде айтқанындай, саяжай учаскелерінде тұрып жатқан халықты көшіру басты мәселеге айналды. Су тасқыны қаупіне қарамастан саяжай тұрғындары көшуге ниет танытпай отыр. Билік өкілдері сондай-ақ, Жалағаш ауданындағы ЛЭП тіреуішінің жағдайына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Оның опырылып қалуы мүмкін деген қауіп те жоқ емес.

"Сырдарияда орын алып отырған мұз көшкіні 1969 жылы болған оқиғаны қайталауы мүмкін. Ол кезде Арал тарихында ірі су тасқыны тіркелген", - деп еске салды облыс әкімінің бірінші орынбасары. Ол айтқанындай, "барлық күшті су тасқынына қарсы жұмыстарды жасау үшін жұмылдыру керек ".