Ішкі саясат департаментінде хабарлағанындай, алқа жиналысында су тасқына қатысты мәселе талқыланды. Қолайлы жылы ара райы Сырдариядағы мұздың еруін жеделдетіп, мұз көшкіні Жаңақорған, Шиелі аудандары территориясынан өтіп кетті. Енді жақын уақытта ол облыс орталығына жақындайтын болады, деп атап өтті алқа жиналысына қатысқандар.
Департаменттің ақпараты бойынша қазір құтқару қызметтері мен су мамандарының назары қалалық бөгендер учаскелеріне аударылып отыр. Саяжай аймағы мен өзен жағалауында орналасқан ауыл тұрғындары көшіру шаралары одан әрі жалғасуда.
Естеріңізге сала кетсек, М. Құл-Мұхаммедке бірінші болып ауруханадан шығуға рұқсат берілді. Облыстық медицина орталығының бас дәрігері Абдулла Шүленбаевтың айтуынша бүгінгі күні ауруханада облыс әкімінің орынбасары Бекмырза Еламанов, облыстық ТЖ департаментінің бастығы Мархабат Жайымбетов және МИ-8 тік ұшағында болған басқа да жолаушылар жатыр".
Бұдан бұрын хабарланғанындай, М. Құл-Мұхаммед 28 ақпанда Жалағаш кентінің маңында ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" МИ-8 тік ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін ауруханаға жеткізілді. Тікұшақтың бортында 18 адам болды, оның ішінде Қызылорда облысының әкімі, ТЖ қызметінің басшылары, су шаруашылық ұйымдарының өкілдері, журналистер болды. Апатты оқиғада 5 адам қаза болып, қалғандары ауруханаға жеткізілді.