Оған Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс бағдарламасы бойынша кикбоксингтің лоу-кик және фул-контакт жүйелері бойынша өткізілді.
Бұл жарыстан Қызылорда облысы жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын спортшылар жақсы жетістіктермен оралды. Атап айтсақ, лоу-кик жүйесінде сынға түскен 81 келі салмақта Жалғасбай Әбшекеновтің мерейі үстем болды. 71 келіде Алтынбек Жүнісов күміс жүлдегер атанса (екеуі де лоу-кик), 86 келі салмақта Ахмедияр Аманжолов үшінші орынды иеленді.
Спортшыларды жарысқа дайындаған облыстың аға жаттықтырушысы Берік Ахметов.
Алдағы уақытта спортшылар қыркүйек айында Анапа қаласында өтетін Әлем Кубогіне және қазан айында Грекияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.