Абай ауылының тұрғындары айналма жолдармен Басықара ауылына көшіріле бастады. Ал Өркендеу ауылының тұрғындарын Қожабақы ауылына көшіруге дайындық жүргізілуде.
Гидротораптан төменге қарай өзенді бойлай түзілген мұздың қалыңдығы 1 метрден асады. Қазалы ауданының орталығына таяу жердегі сеңді бұзу үшін 22 жарылыс жасалды.
Облыстық апаттан құтқару қызметтері жағалауды нығайту және магистралдық арналардан суды бұрып әкету шараларын жүзеге асыруда. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі бұл өңірге 30 мың құм салынған қаптар мен 110 шатыр жеткізді.