Қызылорда облысының Қорғанша деген жерінде қорғаныс бөгетін су шайып кету салдарынан 700 адам басқа жаққа көшірілді

Агенттік мәліметіне сәйкес, соның салдарынан 1700 адамы бар 250 үй орналасқан Ақсу ауылы су астында қалу қаупі туындады.

Төтенше жағдайдың зардабын жоюға 50 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Барлығы 700 адам басқа жаққа көшірілді. Облыстағы апаттан құтқару қызметінің құрамы мен құрал-техникасы жоғары дайындық жағдайында жұмыс істеуде.