Қызылорда облысының спортшылары бір алтын, бір қола жүлдегер еншіледі

алтын және қола медальдардың иегерлері атанды. Онда 69 келіге дейінгі салмақта Рустам Сыбаев чемпиондыққа жетсе, 52 келіге дейінгі салмақта Ерболат Жүсіпов қола медальды қанағат тұтты.

Жалпы командалық есепте 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медальды қанжығаға байлаған Астана қаласының боксшылары бірінші орынды жеңіп алса, 2 алтын, 3 қола медальмен Жамбыл облысының ұжымы - екінші, ал 1 алтын, 2 қола медальге жеткен Қостанай облысының былғары қолғап шеберлері үшінші орынға орналасты. Бұл сайыста Қызылорда облысы шығысқазақстандық және маңғыстаулық бәсекелестерімен бірге 4-6 орындарды бөлісті.

Чемпионатта тек Атырау және Павлодар облысының боксшылары ғана жүлдесіз қалды.