Қызылорда облысының Сырдария өзенінде екі адам суға батып кетті

ТЖМ ақпараты бойынша, Қызылорда облысының Сырдария өзенінде 19 мамырда 21 сағат 30 минутта суға түскен 14 және 12 жастағы екі жасөспірім батып кетті. Судан құтқару қызметі суға батып кеткендердің денелерін іздестіруде.