Қызылорда облысының тұрғыны бос бөтелкеден монша салды - ФОТО

босаған шөлмектерден  отбасына арнап екі бөлмелі монша салды.  Ол осыдан 35 жыл бұрын кеңес үкіметі тұсында  әскери борышын Белоруссия мемлекетінде өтеген. Сол кезде жергілікті ауыл тұрғынының үйінің айналасы шыны бөтелкеден жасалған қоршаумен қоршалғанын көріпті. Бос бөтелкені тұрмыстық мақсатта пайдалануды сонда алғаш көрген. Ал  монша салу идеясы да сол уақыттан бер мазалап келген көрінеді. Зәріп Мысабеков бітімі бөлек моншасын салуға 7 мың бос шөлмекті пайдаланған екен.