Қызылорда облысының Жалағаш ауданында ҚР ТЖМ-нің тікұшағы құлады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тікұшақ бортында 15 адам болған. Қазір барлық зардап шеккендер түрлі дәрежедегі жарақаттармен Жалағаш ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілген. ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Расталмаған мәліметке сәйкес, тікұшақ бортында Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед болған, ол ауруханаға жатқызылған.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, комиссия құрылып, оны төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров басқаратын болды. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау және Көлік және коммуникациялар министрлігінің өкілдері де кірген комиссия оқыс оқиға орнына ұшып кетті.