"Тіпті қандайбір ауыс-түйіс жасауға айрықша қажеттілік туындаған жағдайда да мен жергілікті мамандарға арқа сүйеуге тырысатын боламын",- деді М.Құл-Мұхаммед облыс әкімінің жанындағы тұрақты кеңестің жиынында. Облыс атқамінерлерімен ауқымды кездесу алғаш рет осында өтті.
Қазір М.Құл-Мұхаммед аудан әкімдерінің халыққа есеп беру жиындарына қатысу арқылы Арал өңіріндегі тауқыметтермен танысуда. Атап айтсақ, ол Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы Берік Тасыбайдың есеп беру жиынына қатысты.
Соңғы айларда бұл ауданды әкімінің міндетін атқарушы басқарған. Сол себепті М.Құл-Мұхаммед жаңа әкім ретінде облыстық мәслихаттың депутаты Өмірбек Шәменовтың кандидатурасын таныстырды. Ол бұған дейін Арал өңіріндегі күріш өсіру жағынан ең жетекші шаруашылықтардың бірін басқарған.
Жергілікті тұрғындар кандидатураны қолдады. "Әдетте әкімдерді тағайындау - күрделі әрі ұзаққа созылатын шаруа. Дегенмен, халықтың осындай ықыласын байқап, кандидатураны жоғарғы жақтың келісімінсіз-ақ ұсынып отырмын",- деді М.Құл-Мұхаммед.
Жаңа облыс әкімінің №1 бұйрығымен Өмірбек Шәменов Жалағаш ауданының әкімі болып тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті