Қызылорда полициясы 90 тонна ұрланған мұнай тиелген үш автокөлікті ұстады

Баспасөз қызметінің жетекшісі Қалдыбек Абдуллаевтың ақпаратына сәйкес, шара барысында күдікті ретінде үш жүргізуші мен ұрланған жүкті әкеле жатқан адам ұсталды. Оларға ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің басқаның мүлкін ұрлау жөніндегі 175-ші, заңсыз кәсіпкерлік жөніндегі 190-шы, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сату немеес сатып алу жөніндегі 183-ші үш бабы бойынша айып тағылды.

"Жыл басынан бері Қызылорда облыстық ІІД мұнай ұрлау деректері бойынша төрт қылмыстық іс қозғап тексеруде. Соған сәйкес 22 адам тұтқындалды. Олардың арасында күзет құрылымдарының қызметкерлері, мұнай ұңғыларының операторлары, мұнай тасушы көліктердің жүргізушілері, сондай-ақ, ұрланған өнімді сатып алушылар бар",- деді Қ.Абдуллаев. Жалпы алғанда ұрланған 235 тонна мұнай тәкіленді.

Оның айтуынша, былтыр өңірде мұнай ұрлағаны үшін 72 адам ұсталып, 21 қылмыстық іс қозғалған. "Қылмыскерлерден ол кезде 760 тонна мұнай тәркіленді",- дейді департаменттегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті