Қала әкімі жанындағы тұрақты кеңес отырысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналғандарды осы кадрлық өзгерістермен таныстырды.
Қала әкімінің өкімімен Қайрулаев Айдын Бөкенбайұлы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметке дейін қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 1981 жылы туған. 1998-2002 жылдары аралығында Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің «Журналист» мамандығын, 2008 жылы осы білім ордасының «Заңгер» мамандығын бітірген. 2012-2013 жылдар аралығында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Қала әкімінің өкімімен Мәмен Балдырған Нұртуғанқызы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметке дейін қала әкімі аппаратының бас инспекторы - қала әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. 1986 жылы туған. 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін «Тарих және география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Қала әкімінің өкімімен Аралбаев Мейрамбек Әбжаппарұлы қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметке дейін Қызылорда облысы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» реттеу зал басшысы қызметін атқарған.1980 жылы туған. 2002 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.