"6-қазан күні 14.00-де зақымданған бөлік қайта қалпына келтірілді. Барлық тұтынушылар газбен жабдықтауға қосылды", - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, "Қызылордада 5-қазан күні канализациялық жүйелерді тарту үшін қазу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде "Сантехмонтаж" ЖШС-нің эксковаторы жер астындағы диаметрі 110 мм болатын полиэтилен газ құбырын бүлдірген", - деп хабарлады баспасөз қызметі газ құбырының ұзындығы 5 шақырым болатын зақымдалған бөлігі ажыратылғандығын ескерте отырып. Авариялық-қайта жөндеу жұмыстары қысым азайтылған соң қайта басталады.
Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, апат нәтижесінде 64 көп қабатты үй - 3283 пәтер газсыз қалған болатын, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті