Қызылорда тұрғынына алдын-ала қойылған "оба" диагнозы расталған жоқ

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарбұлақ ауылында обаға шалдықты деген күдікпен 46 жастағы бір әйел 24-қарашада ауруханаға жатқызылған болатын. Алдын-ала мәліметке сәйкес, әйел 15-қарашада ауырған көрінеді. Ол базардан сатып алған қоянның етін бұзған. Тазалық-індет бақылауы қызметінің мамандары індет ошағында эпидемияға қарсы шараларды бастап та жіберген.

26-қарашада кешкісін зерттеулер нәтижесі белгілі болып, науқасқа қойылған оба деген алдын-ала диагноз алынып, "оң жақ қолтық астындағы лимфаденит" деген ақырғы диагноз қойылды.
Агенттік ақпаратына сәйкес, оба диагнозы расталмағандықтан профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар тоқтатылды.