Қызылорда және Маңғыстау облыстарында екі жол апатынан төрт адам қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, Қызылорда облысының Сырдария ауданында Құмкөл - Қызылорда тас жолының 155-ші шақырымында 22 қыркүйекте "Урал" жүргізушісі "Тойота" көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан "Тойотаның" 40 жастағы жүргізушісі мен оның 48 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында Жаңаөзен - Жаңабай тас жолының 5-ші шақырымында 22 қыркүйекте "УАЗ" және "КамАЗ" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан "УАЗ" көлігінің 34 жастағы жүргізушісі мен 38 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.