Қызылорда және Маңғыстау облыстарында оқыс оқиғалардың салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды - ТЖМ

ТЖМ мәліметінше, 17 қаңтарда 0 сағат 05 минутта қызылорда облысының Қарауылтөбе кентінде электр желісіне рұқсатсыз қосылу салдарынан 36 жастағы ер адам тоққа соғылып, оқиға орнында қаза тапты. Оқыс оқиғаның зардаптарын жоюға ҚР ТЖМ-нің мемлекеттік басқармасының 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының Қызылтөбе ауылында үш адам, соның ішінде екі бала көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты.

"Улануға газ жағатын пештің ақауы себеп болған", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.