Қызылорда және Жамбыл облыстарында екі бала суға батып кетті

ТЖМ ақпараты бойынша, Қармақшы ауданындағы Жосалы кентінде 28 мамырда 14 сағат 30 минутта (Қызылорда облысы) Сырдария өзенінде шомылып жүріп 12 жастағы қыз бала суға батып кетті. Құтқару қызметінің сүңгуірлері қыз баланың денесін 18 сағат 25 минутта судан шығарды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының Тараз қаласында ("Рассвет" бақшашылар қоғамы ауданындағы су арнасында) 27 мамырда 23 сағат 30 минутта 10 жасар бала суға батып кеткен. Баланың денесі судан құтқару қызметінің күшімен 14 сағат 35 минутта шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.