Қызылордада 22 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды


Облыс прокуроры С.Нұрпейісовтің айтуынша, өткен жылы қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін прокурорлық ықпал ету шараларымен ІІБ-нің 60-тан астам қызметкері түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

«Қазіргі таңда аймақтағы полиция қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері күрделі криминогендік ахуалды қалыптастырды. Мәселен, өзінің әріптесін бірлескен топпен өлтіргені үшін Қызылорда ҚІІБ кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекциясының бастығы Шиманов, аудан тұрғынының өмірін қиған Шиелі аудандық АІІБ учаскелік инспекторы Б.Доланбековтің қылмыстық істері сотқа жолданып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - дейді облыс прокуроры.