Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Жас келіншек жол жиегінде тұрып такси ұстамақ болады. Жақын жерде кафеде ішімдік ішіп шыққан масаңдау адам оған жақындап, әңгімеге тартқан.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, олардың арасындағы әңгіме былай өрбіген:
- Сіздің фигураңыз әдемі…
- Өтінемін, меннен аулақ жүріңіз.
Осы сөзден кейін ер адам әйелді жұдырығымен бетінен төмпештеген.
Полиция хаттамасында "ерін жарақаты бойынша" іс нақтыланды.
Зардап шеккен адам жарақат алып, соққыға жығылды, оған жәбір көрсеткен күдікті ұсталды және бұзақылық бабы бойынша жауапқа тартылады, құқық қорғау органдары мас адамның мінез-құлқынан дәл осы қылмыстың құрамын тапты.
Сот қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.
"Қылмыстық теріс қылық немесе өлімге әкеп соғумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды ретке келтірсе, қылмыстық жауаптан босатылуға жатады, - деп түсіндірді Қызылорда екінші сотында.
Ал сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқан.