Қызылордада алғашқы баспасөз клубы ашылды

Облыстық әкімшіліктің ішкі саясат департаментінің ақпаратына сәйкес, баспасөз клубын техникалық жабдықтау және оны жұмысқа әзірлеу мақсатына жергілікті бюджеттен 4 млн. теңге бөлінді. Баспасөз клубына арнап облыстық мамандық жетілдіру және ақпараттық технологиялар институтының ғимаратынан орын бөлінді.

Департаменттегілердің атап көрсетуінше, сөйтіп жергілікті журналистер билік пен саяси партиялар өкілдерімен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер өткізуге, түрлі қоғамдық тауқыметтер бойынша пікірталастар өткізуге арналған дербес конференц-залға ие болды. Аймақтағы көптеген редакциялардың техникалық себептермен қолы жетпей отырған интернет желісіне де баспасөз клубы шыға алады.
Бүгінде Қызылорда облысында 100-ден астам басылымдар, жеке меншік және мемлекеттік екі телеарна мен бірнеше радиостанциялар тіркелген.