Қызылордада алып бетон құбыры құлап, екі жұмысшыны басып қалды

"Қызылорда облыстық ТЖД жедел тобының техникасы мен қызметкерлері, Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының, облыстың Өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері тартылды. Қазіргі уақытта 60 құтқарушы жұмыс істеп жатыр, оннан аса дана техника мен екі кинологиялық ит жұмысқа тартылған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қирандылар астында қалған екінші жұмысшыны іздеу жұмыстары бірнеше сағатқа созылды. Оның мәйітін құтқарушылар түні сағат 03:45-те тапқан.