Қызылордада ақын Қ.Жәленованың шығармашылық кеші болды

ақын Қатира Жәленованың шығармашылық кеші болып өтті. Қаламгердің 60 жылдығына арналған бұл шара «Қызғалдақ жыр - қыз ғұмыр» деп аталды.

Кешті Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрының әртістері шағын сахналық қойылыммен ашты. Ол бала Қатира мен ақын Әбділда Тәжібаевтың арасында хат алмасу оқиғасын бейнеледі. Кеште Ибада Қонақ­баев, Жадыра Дәрібаева, Хан­бибі Есенқараева және басқалар ақын шығармашылығы жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Кеште ақынның өлеңдері мен өзге ұлт ақындарының аудармалары оқылды. Соңында облыстық филармония өнерпаздары концерт қойды.