Жаңа мешіт бір мезетте 2 мың адамның намазға жығылуына мүмкіндік береді.
Ғимараттың сыртқы бейнесі "Ақмешіт" атауына сәйкес аппақ түспен боялады. "Мешітте намазға жығылуға арналған негізгі зал мен әйелдерге арналған кіші зал, рәсім залы, мәжіліс залы, кітапхана, арнаулы дүкен мен киім шешетін бөлме орналасады",- деп түсіндірді облыстың бас имамы Нұржан Қияс.
Жергілікті басшылар құрылысқа Жібек Жолы мен Мостовая көшелерінің қиылысындағы 5 гектардан астам жерді бөліп берді.
Құрылыс жұмыстары 2008 жылдың тамыз айының аяғында аяқталады.
Жобаның бас сәулетшісі Алматыдағы бас мешіт пен Тәуелсіздік монументінің жобасын жасаған Қазыбек Жарылғапов.
Бүгін діндарларды айрықша оқиғамен құттықтау үшін келгендердің арасында Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мухаммед, ақсақалдар, қоғам өкілдері бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті