Қызылордада әжелер конкурсы болып өтті

келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында «Халқын сүйген - салтын сүйер» атты қалалық әжелер өнер байқауы өткізілді.

Байқауға қатысушы әжелер мұнда өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын ала келді. Ұйымдастырушылар осы заттардан арнайы көрме ұйымдастырды. Ал байқау қорытындысында тасбөгеттіктер Л. Сманова - бірінші, Қ. Өзденбаева - екінші, титовтық Б. Өмірәлиева мен қараөзектік Н. Хұсейінова үшінші орындарды жеңіп алды. Байқауға қатысушыларға «Толықсыған ақ әже», «Ақ әже», «Ұлағатты ақ әже», «Мың бұралған биші әже», «Авторлық әже» аталымдары тағайындалып, олардың иелеріне бағалы сыйлықтар тапсырылды.