Қызылордада «Бал бала - 2010» атты телебайқау үшінші мәрте өткізіліп отыр


Бұл «Бал бала - 2010» атты телебайқау үшінші мәрте өткізіліп отыр. Байқау­ға қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетек­шісі Ләйлә Насымханова жобалық жетекшілік жасаса, «BEST- Servіce LTD» ЖШС мен «ПетроҚазақ­­стан Құмкөл Рессорсиз» компа­ниясы демеушілік көрсетті. Бүлдіршіндер сынында 60 талапкер үш кезең бойын­ша бақ таластырды. Қорытын­дысында бас жүлдені №31 «Алтын кілт» балабақшасының тәрбиеле­нушілері Сәкен Нұрдәулет пен Еңілік Күнтөреева жеңіп алды.