Қызылордада баласының орнына анасы сотталды


Жыл басынан бері жалғасқан процесте сот оған көлігін беріп қойған анасын кінәлі деп танып, бір жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Кәмелетке толмағаны ескеріліп, жетеіншек жазадан құтылып кетті. Бұл үкімге марқүмның тусытарының көңілдері тола ма? Олар тағы неден қауіптенеді?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл - қоғамда үлкен резонас туғызған жол апаты болды. Істі жылы жуып қоя ма деп қауіптенген марқұмның туыстары, талай мәрте шаымданып жүріп, әділдікке қолжеткізді. Жеті айға созылған процеске ақыры нүкте қойылды. Сот кәмелетке толмаған баласына көлік тізгінін берген анасын кінәлі деп тапты. 

 АБДУЛЛАЖАН САЙЛУЛЛАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ - "Сотталушы Тен Надежда Анатольевна кінәлі деп танылып, оған бір жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сонымен қатар, екі жылға көлік жүргізуіне тйым салынсын. Жәбірленуші тарапқа 1 млн теңге көлемінде өтемақы төлесін".))

Алайда, 22 жастағы бойжеткеннің өмірін қиған кәмелет жасына толмаған жасөспірім 
қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті. Соған қарамастан, марқұмның туыстары соттың бұл шешімімен толықтай келіседі және басқаларға үлгі болады деп үміттенеді.

 СӘНИЯ АБДУЛЛАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ: "Соттың шешімі, үкімі дұрыс қабылданды деп ойлаймын. Келешекте сот өзінің шешемін өзгертпейді деп ойлаймын. Бұл іс прецедент болды Қаақстанда. Келешекте басқа ата-аналарға бұл сабақ болады. Кәмелетке толмаған балдарына руль берудің алдында олар ойланатын болады".

 ((ҚЫЗЫЛОРДА, ЖЕЛТОҚСАН, 2018 ЖЫЛЫ))
Жол апаты былтыр 28 желтоқсанда Сүлейменов пен Нұрмақов көшелерінің қиылысында болған теді. Сондағы жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан Саида Абдолланы  Лексус автокөлігі қағып өткен. Ал сол сәтте көлік тізгіненде 10- сынып оқушысының отырған. Куәгерлердің айтуынша,қатты соққыдан бойжеткен бірнеше метр жерге ұшып кеткен. 

 ҚЫСТАУБАЙ ОСПАНОВ,  КУӘГЕР: "Мына Пусан кафесінің алдында осы жерде бір машина тұр екен қыз баланы қағып. Мен тоқтайтын жер таппай айналып келіп, тротуарға тұрғанымда уже ол баланы тиеп жатыр екен, қыз баланы Лексус автомашинасына, басынан қан кеткен".

Ал жол апатына кінәлі жеткіншектің туыстары ес-түссіз жатқан Саиданы көлікке салып, ауруханаға апарғанымен ондағылар жедел-жәрдем бригадасы әкелмегеніктен қабылдауға бас тартыпты. Содан соң өлім аузында жатқан қызды қаланың екінші басындағы облыстық медициналық орталыққа жеткізген. Алайда, Саида сол кйі есін жимастан, бірнеше күннне соң көз жұмды. Сот отырысында марқұмның анасы қаққан жандар қызымды орынан қозғамағанда мұндай жағдай болмас па деп қамықты. 

НАРТАЙ АБДУЛЛАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ: "Менің алтындай қызымды қандай қиындықпен оны машинамен сүйреп, машинаға салып. Мүмкін сол жерде жатқанда скорый шақырғанда может басқаша болар ма еді".

Марқұмның туыстары алдағы уақытта іс апеляциялық сотта қаралғанда әділқазылар өз шешімдерінен айнып қалмаса екен дейді. Себебі, алғашқыда тергеп-тексеру жұмыстары бір қысқартылып, істің қайта қозғалу фактісі де тіркелген. Саида Абдолланың жақындары құрбыларын еске алу мақсатында Қорқыт ата ескерткішінің жанына жиналып, достары бейнеленген плакатқа жылы лебіздерін біліріп, шарларды аспанға ұшырды.  Саида тірі болғанда алдағы аптада 23 жасқа толар еді.