Қызылордада балғын боксшылар арасында облыстық біріншілік ұйымдастырылды


Оған 12 салмақ дәрежесі бойынша қала мен аудандардан 16 команда, 103 оқушы қатысты.

Біріншілік қорытындысында жалпы командалық бірінші орынды №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің балғын боксшылары жеңіп алса, Тасбөгет балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі - екінші, Шаған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі үшінші орындарды еншіледі.