Қызылордада «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» байқауының іріктеу кезеңі мәресіне жетті


Ән, күй, би өнері, жазба әдебиеті мен спортты да серік еткен өрендердің қолөнер бұйымдары таңдай қақтырады. Жас дарындарды анықтап, мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында ұйымдастырылған игі шараға аймақ бойынша 1000-нан астам балғын қатысты. Облыстық іріктеу турынан 10 номинация бойынша 30 өнерпаз жеңімпаз атанды. Аймақтық іріктеуден сүрінбегендер қазан айында республикалық ақтық сайыста бақ сынайды.