Бұл туралы Қазақстанның бильярд спорты федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Біріншілікке Алматы, Астана, Шымкент, Тараз, Семей, Өскемен, Актау, Атырау және басқа да аймақтардың спортшылары қатысады деп күтілуде.
- Сайыс нәтижесімен ақпан айының аяғында Қызылорда қаласында өткізілетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның құрама командасы жасақталады, - делінген осыған орай таратылған баспасөз баянында.