Қызылордада бірсыпыра медициналық нысандар салынады

"Әйелдердің босану орталығы, емханалар, қалалық көп салалы және Қызылорда облыстық балалар ауруханасының құрылысына алдағы жылы бюджеттен қаржы бөлінуі қарастырылған", - деді аймақтың басшысы.

Қазақстан бойынша, ресми түрде жас сәбилер мен аналардың өлім көрсеткіші жоғары деп саналатын аймақта мұндай медициналық нысандардың қажеттігі бұдан бұрын туындаған.

М. Құл-Мұхаммед атап өткеніндей, 200 төсек орынды әйелдердің босану орталығы мен облыстық балалар ауруханасы және 200 орынды қалалық көп салалық ауруханасының құрылысы алдағы жылы басталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті