Осы сұмдық жағдайдан соң ата-аналар қыздарын көшеге жіберуге қорқып қалыпты. Және де барлығы бір ауыздан қылмыскерге тағайындалған жаза тым жеңіл дегенді айтады. Алайда марқұмның ата-анасы өз қыздарын өлтірген қаскөйді жындыханаға емделуге жіберген соттың үкіміне қарсы шығып, істі қайта қарауға арыз жазбапты.
Алты айға созылған атышулы қылмыстық іс жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бұл Назерке Бекжанованың медициналық университетті тәмамдап, диплом алғанда түскен суреті. Осыдан соң ол жедел жәрдем станциясында небәрі 8-ақ күн жұмыс істеп үлгірепті. Алайда адамды емдеп жазуды арман еткен бойжеткен адамның қолынан қаза тапты. Сот процесіне қатысқан марқұмның анасы: "Сол күні қызым жұмыс орнынан үйге қайтуы керек еді, "Сізге айтарым бар" деп қоңырау шалғанда іштей бірнәрсені сезіп, өзімді қоярға жер таппадым", дейді.
НАЗЕРКЕ БЕКЖАНОВАНЫҢ АНАСЫ:
«Жұмыста отыра алмадым. Қызым үйге барды ғой деген ойменен қызыма телефон шалдым. Бірақ телефонды көтермейді. Ешқандай да миыма сыймайды. Анадай қылып пышақты сатып алып, анадай қылып жауыздықпен өлтіріп, 500 метр қашықтыққа алып кетіп, оның басын кесіп менің ешқандайда да миыма сыймайды. Адам жүретін қызы болса неге алып қашпайды?».
Республикалық психиатрлық сараптама орталығы Назерке Бекжанованы өлтірген қаскөйді тергеп-тексеру кезінде одан психикалық ауытқуды анықтаған. Сол себепті сот Бекенов Шыңғысты түрмеге қамамай, өмір бойына жүйке аурулар ауруханасына жатқызу туралы үкім шығарыпты.
ӘЛФАРАБИ ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ КЕҢСЕ МЕҢГЕРУШІСІ:
«Бекенов Шыңғыс Садуақасұлы ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-ші тармағымен көзделген қылмыстық іс-әрекетті есі дұрыс емес кезінде жасауына байланысты ҚР-ның ҚК-нің 16-шы бабына сай қылмыстық жауаптылықтан босатылды»
Оперсъемка - Асхана пышағы, яғни сабы пластмасс, қара түсті. Арнайы айырымен орналасқан.
Жантүршігерлік оқиға өткен жылдың қазан айында қала маңындағы Тасбөгет кентінде болған еді. Бұл сол кезде қылмыс орнында жұмыс істеген тергеу тобының жедел түсірілімі. Жүріп жүрген қызымен бөгеттің жанында кездесіп, сөздері жараспай қалған соң жігіт қызға бірнеше рет пышақ тыққан. Мұнымен шектелмей, бойжеткеннің басын кесіп, арыққа тастапты. Содан соң өзіне қол жұмсамақ болып, тамырларын кескен көрінеді. Алайда, дәрігерлер оны аман алып қалады.
БАУЫРЖАН ТӨЛЕГЕН, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
«Түскен кезде науқаста іш аймағында және сол жақ білегінде жарақаттары бары анықталып, науқасқа ота жасалған. Отадан кейінгі қойылған диагноз іш қуысына еніп тесілген жарақат, ішек зақымдануы мен ішке қан кету, геморагиялық шок екінші дәрежесі».
Бойжеткеннің басын кесіп, өзіне қол жұмсамақ болған 26 жастағы Қызылордалық жігіт мұғалім болып шықты. ШаҺардағы біліктілікті арттыру орталықтарының бірінде ұстаздық еткен Бекенов Шыңғыс жайында әріптестері тек жақсы пікір айтуда. Белгісіз себептермен ол қанды оқиғадан 10 күн бұрын өз еркімен жұмыстан кетіпті.
ҚАЗЫБЕК САҒЫМБАЕВ, ШЫҢҒЫСТЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘРІПТЕСІ:
«Бірге жұмыс жасау барысында ол жігіт өз-өзін жақсы жағынан көрсетті. Белсене жұмыстарға ат салысты. Ақындығы да бар. Кешегі жайттың өзі бізді есенкіретіп жіберді. Бізде де таң қалудамыз».
Ал, Қызылорда қаласында болған сұмдық жағдайдан соң ата-аналар қыздарын көшеге жіберуге қорқып қалған. Және де барлығы бірауыздан қылмыскерге тағайындалған жаза тым жеңіл дегенді айтады.
ҰЛЖАН ӘШІРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Психбольницадан қағаз алып жатыр да шатыр қолданылмасын деген. Басын кессе қолмен істегенді мойынмен көтеру керек. Вообще басын кессе өлім жазасына жіберу керек оны. Сол кезде халық біледі низачто біреуді өлтіріп кетсе не ол».
ЛӘЗЗАТ ТӨЛЕУХАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Бұл істегені дұрыс емес деп ойлаймын өзім. Алла тағала жазасын береді деп ойлаймын».
СӘРСЕНКҮЛ ҚАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Қайдам дұрыс емес ол енді. Ондайларды құрту керек».
Осылайша бойжеткеннің басын кесіп, аса жауыздықпен адам өмірін қиған қылмыскер алдағы өмірін жүйке аурулары ауруханасына өткізеді. Десек те соттың бұл жазасы қызылордалықтарың көңілінен шықпай тұр. Ал қайғыдан қан жұтқан Назеркенің ата-анасы соттың үкіміне қарсы шығып, істі қайта қарауға әлі арыз жазбапты.