Қызылордада бұрынғы полиция қызметкері әріптесін өлтіргенін мойындады

Тергеу амалдарын жүргізу және күдіктінің айғақтар келтіру қорытындысы бойынша, жоғалып кеткен ішкі істер қызметкерінің денесі 1 наурызда қала шетінен табылған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің бүгінгі хабарламасында мәлімделген.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізілуде.