Қызылордада «Дарын» орталығы құрылып, жұмыс істей бастады

Ол сонымен қатар жас толқынныңөзекті мәселелеріне арналған телебағдарламалар мен әлеуметтік роликтер, фильмдер әзірлеу бағыттарында жұмыс істейді. Орталық аудандарда жастар арасында өнер фестивальдерін, патриоттық әндер байқауларын өткізіп, жеңімпаз атанған жүлдегерлерге тегін бейнеклиптер, әнтаспаларын жазып беретін болады.

Орталық облыс әкімдігі, «Облыстық жастар орталығы» қауымдастығы және «Игілік» корпоративтік қоры арасында жасалған әріптестік жөніндегі Меморандум аясында қаржыландырылады. Бұл құрылымды ашу мен қажетті қондырғыларды алуға 18,9 млн. теңге қаржы жұмсалды.