Қызылордада Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды


Көрмеге Д.Қонаевтың өз қаламынан туған және ол туралы өзге автор­лардың жазған шығармалары қойылды. Оның ашылу салтанатына соғыс және еңбек ар­да­­гері Ыдырыс Қалиев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемле­кеттік университетінің профес­соры, тарих ғылымдарының кан­дидаты Меруерт Аңсатова, білім саласының ардагері, қазақ тілі қоғамының облыс­тық филиалы төрағасының орынбасары Камаладин Наурызбаев қатысты. Олар ұлы қайраткердің Қазақстанның ғылымына, біліміне, мә­дениетінің дамуына қосқан үле­сі жайлы орамды ойларын ортаға салды.