Қызылордада электр энергиясының бағасы өсті


Бұл туралы  «Қызылорда жарығы» холдингі бірлестігінің атқарушы директоры Еркебұлан Есенбаев «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде мәлімдеді.

1 кВт.сағат электр энергиясының орташа тарифтері ҚҚС-мен қоса есептегенде былай өзгерді: «Энергосервис» ЕЖШС - 18,75 теңге, «Шиелі Жарығы» ЖШС - 19,16 теңге, «Дәулетэнерго» ЖШС - 20,22 теңге. Одан бөлек, жарықты 70 кВт.сағатқа дейін пайдаланатын жеке тұлғалар үшін 15,99 теңге белгіленді. Бұл осындай санаттағы тұтынушылар санының 72 пайыздан 83 пайызға көбеюіне байланысты. 
«Бағаның өсуіне «Қызылордажылуэлектрорталығынан» сатып алынатын электр энергиясы бағасының, тасымал тарифінің өсуі, сондай-ақ тұтынушылар қарызының қордаланып қалуы себеп болды», - деді Еркебұлан Есенбаев.