Бұдан бұрын "Шығысэнерготрейд" ЖШС 2008 жылдың 6-қаңтарынан бастап электр қуатының бағасы ҚҚС есептемегенде 7,19 теңгеге дейін өсіруді, осылайша электр қуатының бағасын және жол шығынын өтеуді жоспарлаған еді. "Шығысэнерготрейд" ЖШС шығындарының негізгі бөлігі (90%) электр қуатын сатып алу мен жеткізуге жұмсалады. Баға көтерілгенде компанияның жабдықтаушылық үстеме ақысы бұрынғы деңгейінде қала берер еді", - деді компания өкілдері.
Алайда, Қызыорда облысы әкімшілігінің ықпал етуімен және тікелей қолдауымен баға бұрынғы деңгейінде сақталады, деп көрсетілген хабарламада.
Компания сондай-ақ, қала тұрғындарына электр қуатын таратуды шектеудің бастамашылары емес екендіктерін жеткізді. Бұл шараны қуат тарататын ұйым - "КРЭК" АҚ қолданып отыр. Бұл электр тарату кезінде өздерінің техникалық шығындарын жаба алмау салдарынан туындап отырған шара.