“Шынымды айтсам, басынды шошып кеттік. Тіпті, ұзатпай көзін құртамыз ба деген ойлар да болды. Бірақ мысықтың қарғысынан қорықтық. Обал болды. Қазір анасының жанында жүр. Үйімізде қалдырамыз деп шештік”, – дейді ауыл тұрғыны Фарида Шалбаева.
Жаратылысы ерекше мысықпен бірге тағы да екеуі дүниеге келген. Алайда, оларды жаңа иелері алып кеткен. Бауырларынан бөлектенген мысық басында жалғызсыраған екен. Қазір біртіңдеп үйренісіп келеді.
Табиғаттың мұндай тосын әрекеті көпшлікті таңғалдыруда. Алайда, жұрттың басым көпшілігі экологияның зардабы болуы мүмкін деген пікірде.
Қаракөл ауылында жаратылысы өзге жануарлардың тағы бірі – алты аяқты қозы. Сәуірде туылған жануардың төс тұсынан тағы екі тұяғы салбырап тұр.
Алайда, бұл құбылыс қозының емін-еркін қозғалып, жүріп тұруына кедергі келтірмеуде. Жануарлардың бұлайша туылуы жергілікті тұрғындарды шошытып жатқандары рас.
Ауаның уланғанынан дүниеге келетін балаларымыз да кеміс болып туылмаса дейді.