Қызылордада екі ер адамның жанжалы кісі өлімімен аяқталды

24 сәуір күні полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары жүргізді. Тексеру барысында екі азаматтың өзара жанжалдасып, салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысқа күдікті азамат оқиға орнынан бой тасалаған.


Жедел іздестіру шараларының нəтижесінде күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол УҰИ-ға қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.