Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 шілдеде болған. Ер адамның мұндай қадамға баруына сүйген қызының қарамай қоюы себеп болыпты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы bugin.kz-ке сілтеме жасап.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - деп мәлім етті полиция.
Ер адам ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.