Қызылордада гандболдан ел біріншілігі өтті

Жарысқа Астана, Ақтөбе, Тараз, Шымкент, Қостанай және Қызылорда қалаларынан барлығы 8 команда, 120 спортшы қатысты.

Сайыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, гандболды республика көлемінде кеңінен насихаттау, жасөспірімдердің спорттық шеберлігін арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының командасы 14 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Ал екінші орынд Ақтөбе қаласы (12 ұпай) еншілесе, 8 ұпаймен үшінші орыннан Астана қаласы көрінді.