Қызылордада гандболдан супер лига ойындары басталды

Біріншілік 18-23 мамыр аралығында өткізіледі.

Жарыстың алғашқы күнінде жерлестеріміз Астананың №5 ОРМБЖМ командасын 33:18 есебімен тізе бүктірді. Ал «Іле» «Алтайды» жеңді. Есеп 31:14.

Қызылордалық қыздар ертең, 19 мамырда «Іле» клубымен күш сынасады. Жарыстың соңғы туры 7-14 маусымда Алматы қаласында өтеді.