Астанадан барған мамандар зардап шеккендердің қан сараптамаларын Елордадағы арнайы орталыққа жолдамақ. Құқық қорғау және денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездескен ата-аналар мәселенің ақ-қарасын тез арада анықтауын талап етті. Оқыс оқиға Қалтай Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназияда болғанын айта кетейік. Мектеп басшылығы мұны сотқар оқушылардың әрекеті деп отыр. Баллондағы газды солардың бірі қасақана шашуы мүмкін. Қазір сол төтенше оқиғадан жапа шеккен 50-ден аса жеткіншек ауруханада ем қабылдауда.
Асылбек Мұқашев, мектеп директоры:
– Емделіп келіп, сабаққа келгені жоқ. Жалпы 82 бала түскен, қалғаны енді 28-і үйлерінде ем алып жатыр.
Loading...