Жобаны жан-жақты таныстырған «Тау-кен-Самұрық» өкілі құрылыс нысанының алғышарттары жайлы баяндады. Өз кезегінде Ө.Шөкеевтің қанша адам жұмыспен қамтылады деген сауалына: «500 жұмысшы жұмысқа тартылады, олардың айлық жалақысы 800 доллар көлемінде болады» деп жауап берді. Ал, мамандармен қамту мәселесінде Шиелідегі индустриалдық және Жаңақорғандағы аграрлық техникалық колледждері базасында кадрлар дайындалып жатқанын алға тартты.
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев бұл жөнінде жуырда ғана Мәскеулік оқу ордасымен екі жақты келісім-шарт негізінде 102 талапкерді оқытқалы жатқандығын айтты.
Сонымен қатар, Шалқия мен кеніш арасындағы 20 км жолды жөндеу мәселесі көтерілді. Айта кету керек, кен орнын қайта жандандыру жұмыстары алдағы уақытта жалғасатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.