Қызылордада халық шығармашылығының байқауы ұйымдастырылады


Ата-бабаларымыздан бастау алған өнегелі өнерімізді, қазақ халқының терең ойлы шығармашылығын паш ету, танылмай жүрген таланттарды анықтау және олардың өнерін насихаттау мақсатында өткізілетін бұл шараға қалаға қарасты кент, ауылдық округтердегі көркемөнерпаздар қатысады.

Ауыл-аймақтардың өнерге деген ықыласын, ұлт мәдениетіне деген ілтипатын байқататын байқау биыл екінші рет өткізіліп отыр.

Дәстүрге айналған байқау барысында ән-би, хор ұжымдары мен ансамбльдер өз өнерлерін көпшілікке ұсынатын болады.

Қалаға қарасты 2 кент пен 7 ауылдық округте маусымның 13-інен басталған байқау шілде айының 5-і күні қорытындыланады. Осы күні гала-концер пен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мамен хабарлады.